Атырау, 19 желтоқсан 16:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

​Трамп Қытайға қатысты баж салығын кейінге шегерді

1 883 рет қаралды


Қытай мен АҚШ даулы мәселелерді реттеуге қатысты ымыраға келді. Ақпанның 19-24 аралығында Вашингтонда сауда келіссөздерінің кезекті раунды аяқталды. 

Осыдан кейін ақ үй басшысы қытайлық өнімдерге баж салығын өсіруді кейінге шегергенін мәлімдеді. Дональд Трамп Twitter-де бұл шешімді сауда келіссөздері сәтті аяқталған соң қабылдадым деп жазды. Ақ үй басшысы Флоридадағы Мар-а-Лаго  резденциясында Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуге де ниетті екенін айтты.

«Мен АҚШ-тың зияткерлік меншік құқығын қорғау, технологияны пайдалануға беру, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету, валюта және басқа да маңызды құрылымдық салалар бойынша Қытаймен өткізген сауда келіссөздерінде жақсы нәтижеге қол жеткізгенін қуана хабарлаймын», - дейді  Дональд Трамп. 

Әлемдегі екі ірі экономика арасындағы сауда келіссөздерінің қарбалас жүргені сонша 19 ақпанда басталған отырыс жексенбіге дейін созылды.

Лю Ин, Қытай халық университеті қаржылық зерттеу институтының сарапшысы: 

- Екі елдің ойы бір жерден шыға бастады. 1 наурызға дейін бірқатар мәселелер шешіліп қалуы мүмкін. Қытай мен АҚШ бір-біріне деген сенімін әлі жоғалта қоймаған. Олардың арасындағы бір жылдан астам уақытқа созылған экономикалық құлдырау үлкен қысым тудырды.  Екі тарап та өз мүдделеріне алаңдаулы, сауда әріптестігі өзара тиімді болғандықтан бір-бірін қанағаттандыратын шешім қабылдады. Егер бір жақтың ғана мүддесі орындалса, бұл келісімнің мерзімі ұзаққа бармайды.

Дереккөз: 24.kz

25 ақпан 2019, 15:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.