Атырау, 28 қараша 17:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Түркия Ауғанстан мәселесіне араласуы мүмкін

1 334 просмотра


АҚШ пен Ресейдің Ауғанстан ісі жөніндегі арнайы өкілдері Анкарада кездесіп, Ауғанстан және өңірдегі қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселесін талқыға салған болатын. 

Ауғанстандағы дағдарысты шешудің кезек күттірмейтін мәселе екенін айтқан өкілдер, мәселеге өңірдегі негізгі ойыншылардың да ат салысуын талап еткен. Анкарада Ресей президентінің Ауғанстандағы арнайы өкілі Замир Кабулов Түркияның Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Азия ісі жөніндегі арнайы өкілі Риза Хакан Текинмен кездесу өткізді. 

Кездесуде Түркияның өңірдегі рөлін баса сөз еткен Кабулов Анкара өкілдерін алдағы уақытта өтетін Мәскеудегі жиналысқа ұсыныс еткен. «Ауғанстан мәселесінде Түркия маңызды ойыншының бірі, сондай-ақ, Ауғанстан дағдарысын шешуде орыны бар», – деген Кабулов кездесуде. 

Ауғанстандағы сыртқы күштер мен тәліптер арасында келіссөздер жүре бастауы өңірдегі бірқатар елдің белсенділігін оятты. Ресей мен АҚШ ауған жеріндегі күштермен келіссөздерді бәсекелесе өткізді деуге де келетіндей. Пәкістан, Иран, Катар және Түркия қатарлы елдер де Ауғанстан мәселесін шешуде өздерінің рөлінің бар екенін көрсетуге тырысуда. Анкара АҚШ пен Ресейдің Ауғанстан ісі жөніндегі өкілдерін шақырып, кездесу өткізуі Түркияның өңірлік мәселедегі орнын айқындауына септігі тиді. Соңғы кездердегі Сүрия мәселесі, Катар дағдарысы, Иран тақырыбы, Ауғанстан мәселесінде белсенділік таныту арқылы Түркия өңірдегі ықпалын көрсетуге тырысуда.

Дереккөз: qazaqtimes.com

25 ақпан 2019, 14:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.