Атырау, 28 қараша 17:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Трамп пен Ким Чен Ын саммит өткізбек

1 601 просмотра

Фото: https://www.dsector.ru

АҚШ пен Солтүстік Кореяның екінші саммиті Вьетнам астанасы Ханойда өткізілмек. Бұл туралы «The Washington Post» хабарлады.  

Дональд Трамп пен Ким Чен Ын қауіпсіздік мәселелерін және Корей түбегін ядролық қарудан азат ету келісімінің орындалуын талқылайды. Уашингтон ядролық қарудан арылу мәселесінде нақты нәтиже, жылжу жоқ деген болатын. Бірақ, Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын бұл пікірмен келіспейтінін айтты. 

Тараптардың алғашқы саммиті былтыр 12 маусымда Сингапурде өткен болатын. Қазіргі уақытта аталған мәселе Құрама Штаттарымен қатар өзге де мемлекеттерді алаңдататыны рас. Сол себепті АҚШ президенті Дональд Трамп ядролық қаруды доғару туралы ұсыныс білдірген. Ким Чен Ын Оңтүстік Корея елшісінен осы тақырыпқа қатысты сәлемдеме жолдады. 

Саясаткердің айтуынша, Пхунгери полигонында демонтаж жүргізілгеннен соң мемлекетте ядролық сынақ өткізілмейді. Ким Чен Ынның ойынша, әлем қауымдастығы осы уақытқа дейінгі нәтижелі әрекеттер мен Пхеньянның «батыр» қадамын мойындамай отыр. Өз сөзінде ол АҚШ-пен байланыстың едәуір жақсарып, түбектегі жағдайлардың шешімін табатынына нық сенімді екенін білдірген.

6 қыркүйекте Ақ үй басшысы Дональд Трамп «Reutеrs» агенттігінің тілшілеріне берген сұхбатында: «Киммен өте жақсы «химиялық» байланысымыз бар. Арамызда химиялық реакция жылдам жүреді. Оңтүстік пен Солтүстік Корея басшылары 30 жыл бойы тер төккенде, мен ядорлық жарылыстарды дереу тоқтаттым. Резонанс туды. Жапония әлі де таңқалуда» – деген болатын. Сондай-ақ Трамп Пхеньяндағы мәселенің жөнді қарастырылуы үшін нәтиже керектігін де ескерткен.

Дереккөз: qazaqtimes.com

 

25 ақпан 2019, 10:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.