Атырау, 28 қараша 17:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Үндістанда кілем тоқитын фабрикада қуатты жарылыс болды

1 611 просмотра


Сенбі күні таңертең Үндістанның солтүстігіндегі Утхар-Прадеш штатында кілем тоқитын фабрикада қуатты жарылыс болды. Салдарынан кем дегенде 10 адам қаза болды, деп хабарлайдыҚазАқпарат NDTV телеарнасына сілтеме жасап.

Жарылыстың күшті болғаны соншалық фабрика ғимараты жермен жексен болған. Сондай-ақ жақын маңда орналасқан үш тұрғын үй құлады. Апаттың нақты себебі әзірге белгісіз. Бірақ өнеркәсіптік нысанның аумағында фейерверктер дайындайтын заңсыз цех жұмыс істегені анықталды.

«Жарылыс болған кезде фабрикада адам аз болды. Үйінділердің астында басқа адамдардың болуы екіталай», - деді телеарнаға полиция өкілі Пиюш Шривастава. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары басталды.     

Дереккөз: inform.kz

24 ақпан 2019, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.