Атырау, 28 қараша 17:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Румынияда соттар мен прокурорлар наразылық шеруіне шықты

1 555 просмотра


Әділет қорғаушылары үкіметтің сот органдары жүйесіне енгізген шұғыл өзгерістерін алып тастауды талап етуде.

Олардың айтуынша, құжат сот тәуелсіздігін өрекскел бұзып, жүйеге үлкен нұқсан келтіреді. Шерушілер бұл мәселе бойынша еуропалық органдарға да шағымданатынын жеткізді. Айта кетейік, бірер күн бұрын Румыния Үкіметі Әділет министрлігінің бастамасымен көптеген қылмыстық істі қайта қарау туралы шешім қабылдаған. Ал заңды тексеру құзыреті Әділет министрлігіне берілмек.

Мирся Марианский, саясаттанушы:  - Үкімет бұл өзгеріс арқылы Венгрия мен Польшадағыдай сот билігін бақылауына алуды көздеп отыр. Себебі румындық саясаткерлер сыбайлас жемқорлыққа белшесінен батқан. Және олардың әділет жүйесінде де өз адамдары бар.

Дереккөз: 24 кз

24 ақпан 2019, 09:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.