Атырау, 28 қараша 17:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Сарапшы: КХДР ядролық қарудан бас тартпайды

1 785 просмотра


Осы аптада әлемде көп талқыланған мәселе – АҚШ пен Корей халық демократиялық республикасының саммиті болды. Бірқатар мемлекет пен ұйым өкілдері Дональд Трампты Нобель сыйлығына ұсынған болса, кейбіреулер Ақ үй басшысы қате жіберді деп санайды.

Мұндай мәлімдеме Сеулде бұрынғы жоғары дәрежелі Солтүстік Кореяның дипломаты жасады. 2016 жылы Оңтүстік Кореяға қашқан КХДР-ның Ұлыбританиядағы елшісі Тхе Ён Хоның сөзінше, Ким Чен Ын Трампты келіссөздер үстеліне отыруға мәжбүрледі. Ал шын мәнінде, Солтүстік Корея тарапынан Америка Құрама Штаттарына қауіп болған жоқ. КХДР бұрынғы дипломаты Пхеньян Пәкістан жолын таңдағанына сенімді. Бұл елдің басшылығы бүкіл әлемге Үндістаннан әскери қауіп бар екенін және сол себептен Пәкістанға ядролық қару қажет екенін дәлелдеді.

Tхэ Ён Хо атап өткендей, Солтүстік Кореяның ұзақ мерзімді стратегиясы – АҚШ-қа бейбітшілік келісімін ұсынуға және санкцияларды алып тастауға баса назар аудару. Дипломат Трампқа Кимді ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылуға мәжбүрлеу туралы кеңес береді, әйтпесе Вьетнам саммиті сәтсіздікке ұшырайды. 

Тхэ Ён Хо, Лондондағы КХДР елшісінің бұрынғы орынбасары: – Әлемде ешқандай ақша Солтүстік Кореяны ядролық қарудан бас тартуға итермейді. Америка Құрама Штаттары Солтүстік Кореядан ядролық қарудан бас тартуды талап етеді. Бірақ олай болмайды, оған бір негізгі себеп бар. Егер олар ядролық қарудан құтылса, оларда не қалады? Трамп Кимнің ядролық қарусыздандыруды талап ету керек. Егер олай болмаса, Пхеньян ядролық қарусыздандыруға келетініне сенбеймін.

Дереккөз: 24 кз

24 ақпан 2019, 09:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.