АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео кезекті мәлімдемесінде, қытайлық Нuawei компаниясын қолдаған кез-келген елмен ынтымақтастық орнатуды тоқтататынын айтты.
Помпео бұл мәлімдемесін Орталық және Шығыс Еуропа елдеріне қаратқан. Ол қытайлық телекоммуникация компаниясы Нuawei-дің технологиясын қолданатын елдермен істестік орнатуды тоқтататынын айтқан.
Помпео сөзінде: «Біз әріптестерімізге Нuawei технологияларын қолданудың қаупі мен зияны туралы ескертіп келеміз. Ал ережелердің оларды қалай қорғап отырғаны белгілі. Алдағы уақытта Нuawei технологияларына мүмкіндік берген елдермен әріптестік қатынасты тоқтатамыз», – деген.
және Шығыс Еуропа елдері мен АҚШ арасында Нuawei компаниясы бойынша көзқарастар қайшылығы шешілмей келеді. АҚШ тарабы Huawei компаниясын тыңшылықпен айналысады деп айыптайды. Бұған Британия да келіседі. Британия үкіметі аталған қытайлық компанияны қайта тексеруден өткізу үстінде.
Дереккөз; “The Qazaq Times”