Атырау, 25 қараша 06:30
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Тұтқадағы әйел дауысы Атырау тұрғынын ажалдан алып қалды

Бейнежазба
3 360 просмотра


21 ақпанда Атырауда полицейлер Әлиев-Сатыбалдиев көпірінен секірмек болған жігіттің өзіне қол жұмсауына жол бермеді. Сол күні 102 пультінде кезекші болған полиция старшинасы Аймекен АМАНОВА келіссөз жүргізу шеберлігін көрсетті.

- Сағат 13.59-да масаң дауыспен көпірден секіріп, өз-өзіне қол салатынын хабарлаған жігіттен қоңырау түсті, - деп әңгімелейді Аймекен. – Бастапқыда қатты абдырап қалдым, өйткені 10 жыл полицияда жұмыс істеген кезде мұндай жағдаймен алғаш рет бетпе-бет келіп отырмын. Бірақ дереу өзімді қолға алдым. Әуелі патрульдерге оның координаттарын беру үшін оның қай көпірде екенін сұрадым. Содан соң оны алаңдатып, уақыт созу үшін сөйлесе бастадым. Неге өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын сұрадым, ол өмір сүруден шаршағанын айтып, өз өліміне ешкімді кінәламауды өтінді. "Балаларың бар ма?" деп сұрадым, үйленгенін, бірақ балалары жоқ екенін айтты. Тағы да сөйлестік, бастысы – біздің жігіттер үлгеру үшін уақыт созу керек болды.

Сол кезде көпірге жол полициясының патрульдері Эльдар ҚҰСАЙЫНОВ пен Самат МЕҢДІҒАЛИЕВ жетті. Сағат 14.06 болатын, олар дереу қимылдап, көпірдің жаяу жүргінші жағында тұрған жігітті таяныштан бері жұлқып шығарып алады.

- Жұлқынып, төменге секіріп кетпес үшін бәрін тез жасау керек болды, әйтпесе, қате біздің ар-ұжданымызда қалар еді, - дейді Эльдар Құсайынов. - Бірақ бәрі де ойдағыдай болды.

Фархат ӘБІЛОВ

Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған бейнежазба

23 ақпан 2019, 16:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.