Осындай атаумен 21 ақпанда Атыраудағы Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында ақын және журналист Асантемір ҚАРШЫҒАҰЛЫ өзінің шығармашылық кешін берді.
Кеш барысында ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалып, өлеңдері оқылды.
Асантемір өлеңінде жалғыздық, жетімнің мұңы, ауыл туралы тақырыптар жиі қозғалады. Көптеген оқырмандары шығармаларын оқып, оны ата-ана көрмей өскен жігіт ретінде елестетсе, біреулері күйші Қаршыға Ахмедияровтың ұлы ма деп шатастырады екен. Бірақ бұл олай емес.
Кеш барысында еліміздің әр өңірінен жиналған ақын-жазушылар тілектерін білдіріп, Асантемірдің Жазушылар Одағына мүше болғаны хабарланды.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Суретті түсірген автор