Атырау, 18 қыркүйек 08:06
 дождьВ Атырау +16.5
$ 444.58
€ 510.29
₽ 5.27

​Франция швейцариялық UBS банкіне 4,5 млрд еуро айыппұл салды

2 063 рет қаралды


Франция соты швейцариялық ірі «Ю-би-эс» ((UBS)) банкіне 4 жарым млрд еуро айыппұл салу туралы үкім шығарды. 

Қаржы-несие мекемеге клиенттерді заңсыз тарту ісімен айналысып, салық төлеуден жалтарды деген айып тағылып отыр. «Ю-би-эс» ((UBS)) болса бұл айыпты мойындамай отыр. 

Банк қорғаушысы  жақын арадА сот үкіміне қатысты шағым түсіретінін хабарлады. Рейтер ақпарат агенттігінің хабарлауынша, белгіленген айыппұл банктің бір жылдық табысымен теңбе-тең. Осыған орай  «Ю-би-эс» мекемесінің акциялары 2 пайызға құнсызданды. 

Айта кетейік, бұл банк аясында шыққан алғашқы жанжал емес. Бұған дейін де қаржы ұйымы АҚШ және Германиямен соттасып бірнеше рет айыппұл төлеген болатын.

Дереккөз: 24.kz

23 ақпан 2019, 09:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.