Венесуэла Президенті Николас МадУро Бразилиямен арадағы шекараны жауып тастады. Мемлекет басшысының бұл әрекеті оппозия тарапының елге крігізбек болған әлеуметтік көмегіне шектеу қою үшін жасалған.
Ендігі кезекте Мадуроның қаһарына Колумбиямен ардағы шекара ұшырауы мүмкін. Бұған дейін өзін өзі президент етіп жариялан Хуан Гуайдо елге әлеуметтік көмек 23 ақпан күні жеткізілетіндігін айтқан еді. Көмекті жинау орталықтары Колумбияның Кукута, Бразиляның Рорайма штаты және Кюрасао аралында орналасқан.
Мадуро үкіметі шет елдік көмекті ел аумағына кіргізуге үзілді-кесілді қарсы. Венесуэла билігі тіпті кіші Антиль аралдарымен арадағы теңіз шекарасын жауып тастады. Фрэнк Мендонка, жергілікті тұрғын: - Үкімет Колумбиямен арадағы шекараны да жаппақ. Олар экономикалық дағдарысты байқап отырған жоқ. Елде азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткіліксіз. Венесуэла қиын кезеңді бастан кешіріп отыр.
Дереккөз: 24.kz