Ұлыбританияның Еуроодақ құрамынан шығу келісім-шартына өзгерістер енгізілуі мүмкін. Брюссельде өткен келіссөздер нәтижесі бойынша Еурокомиссия төрағасы Жан-Клод Юнкер мен Ұлыбритания премьер- министрі Тереза Мэй осындай мәлімдеме жасаған.
Сондай-ақ, олар Солтүстік Ирландияның кеден одағы мен ортақ нарықта қалуын қамтамасыз ететін уақытша кепілдіктердің тізімін талқылаған. Қос басшы Ирландия аралында «қатал шекараның» пайда болуына жол бермейтінін және екі тараптың ішкі нарықтарының дербестігін сақтайтынын мәлімдеді.
Брекзит бойынша келіссөздердің келесі кезеңін осы айдың аяғында өткізу жоспарланған. Тереза Мэй, Ұлыбритания премьер-миниcтрі: - Еурокомиссия басшысы Жан-Клод Юнкермен кездесуіміз табысты өтті. Барлық тараптарды қанағаттандыратын шешім шығару жұмысын жеделдетуге келістік. Ұлыбританияның Еуроодақ құрамынан шығуын реттеуге қос тарап та мүдделі. Бұл істе алға басушылық бар.
Дереккөз: 24.kz