Атырау, 28 қараша 17:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Мемлекеттік дума сайтында депутаттарды фейктен қорғайтын бөлім ашылады

1 394 просмотра

Ресей мемлекеттік думасының спикері Вячеслав Волондин.

Ресей мемлекеттік думасының сайтында депутаттарға қатысты жалған ақпарат не олар айтпаған мәлімдемелер тарағанда парламент мүшелерінің позициясын қорғайтын арнаулы бөлім ашылады. Парламент мүшелері кешегі, 21 ақпандағы пленарлы отырысында осылай келісті.

 Бұл идеяны Ресей мемлекеттік думасының спикері Вячеслав Володин айтты.

"Депутат ақымақтың жасаса, мейлі, ақымақтығы көрініп тұра берсін. Бірақ бұл әділетсіздік болса, әріптестерімізді (депуттарды) қорғауымыз керек", - деді Володин.

Дума фракцияларының өкілдері бұл идеяны қолдаған.

Бұған дейін депутаттар интернетте билікті балғаттағандар мен фейк таратқандарға салынатын айыппұлды 20 есе өсіруді ұсынған. Заң жобасын парламент бірінші оқылымда мақұлдаған. Әлгі заң жобасы бойынша, билікті балағаттаған қарапайым азамат - 100 мың рубль (1500 доллардан сәл көп - ред.), лауазымды тұлға 200 мың рубль (3000 доллар) төлеуге міндеттеледі.

Дереккөз: azattyq.org

 

22 ақпан 2019, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.