Иран Теңіз күштері жұма күні Парсы шығанағы мен Үнді мұхиты арасында теңіз әскери оқу-жаттығуын бастамақ.
Бұл туралы ИИР Теңіз күштерінің бас қолбасшысы, адмирал Хусейн Ханзади мәлімдеді. Хусейн Ханзади мәлімдемесінде, Иран Теңіз күштері кезекті «Велаят-97» жаттығуын ИИР-ға қарсы кез-келген әскери қадамдарға қарсы тұра алатынын және көршілес елдердің ұжымдық қауіпсіздік әрекеттеріне селбесе алатынын дәлелдеу мақсатында өткізгелі отырғанын айтқан.
Мәліметке қарағанда, Иран Теңіз күштері Ормуз бұғазы мен Мекран жағалауы, Оман теңізі мен Үнді мұхитының оңтүстігіне дейінгі аралықта өткізілмек. 2 млн шаршы шақырым аумақты қамтитын оқу-жаттығуы үш күнге жалғасады. Иран Теңіз әскери күштері бұл реткі жаттығуға пайдалану мүмкіндігі бар барлық су үсті әскери-соғыс техникаларын пайдаланбақ. Сондай-ақ, төрт кезеңнен тұратын жаттығудың мазмұны барынша кеңейтілмек.
Дереккөз: qazaqtimes.com