Атырау, 28 қараша 19:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Венесуэлада дағдарысты шешу жолдары талқыланбақ

1 598 просмотра


Еуродепуттардың бір тобын Венесуэлаға жібермеу, халықаралық байланыс тобының жұмысына кедергі келтірмейді. Бұл туралы Еуроодақтың сыртқы саясат және қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы комиссары мәлімдеді.

Еске салып кетейік, Хуан Гуайдо басқаратын Ұлттық Ассамблеяның шақыруы бойынша Венесуэлаға келген Еуропарламенттің 6 депутатын Каракас әуежайында кері қайтарған болатын. Байланыс тобына Германия, Франция, Италия, Ұлыбритания, Испания, Португалия, Швеция мен Нидерланд мүше. Сондай-ақ оның жұмысына Латын Америкасының бірнеше мемлекеті: Эквадор, Коста-Рика, Уругвай мен Боливия қатысады. Федерика Могеринидің айтуынша, байланыс тобы осы аптада Каракасқа аттанады. Олар барлық тараптармен елдегі дағдарыстың шешу жолдарын талқыламақ. 

Федерика Могерини, Еуроодақтың сыртқы саясат және қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы комиссары: – Еуроодақ кеңесі мәжілісі мен одаққа мүше елдердің сыртқы істер министрлерімен кездесуінде депутаттарымызды Венесуэлаға жібермегеніне өкінішімізді білдірдік. Бірақ біз халықаралық байланыс тобының жұмысын доғарғалы отырған жоқпыз. Керісінше, одаққа мүше бүкіл ел осы топтың маңыздылығын атап өткен. Бұл – Венесуэлада президенттік сайлаудың демократиялық және бейбіт жолмен өткізілуін бақылай алатын жалғыз құралымыз.

Дереккөз: 24.kz

21 ақпан 2019, 12:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.