Атырау, 27 сәуір 01:32
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Қарағанды облысында 18 жастағы сарбаз қаза тапқан

1 812 просмотра


Қарағанды облысы Қоңыртөбе кентінің түзету мекемесінде басына оқ тиіп қаза тапқан 18 жастағы сарбаз табылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаза болған сарбазды 20 ақпанда тапқан. Ол 6505 әскери бөлімінде қызмет еткен. Оқиғаға дейін ол қылмыстық атқару жүйесі мекемесінің қарауыл бекетінде тұрған. Сарбаз былтыр желтоқсан айында Алматы облысы Талғар ауданынан әскери қызметке шақырылған. "Сарбаз өз басына жарақат жасап қаза тапқан. Оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр. Аймақтың орталық әскери-тергеу басқармасының шұғыл тергеу тобы тексеріс жасап жатыр. Қызметтік тергеу жұмыстары жүргізіледі", - деді ҚР Ұлттық ұлан "Орталық" аймақтық қолбасшылығының баспасөз қызметіндегілер. Ведомство өкілдері сарбаздың туыстарына көңіл білдірді. Қатардағы сарбаз екінші атқыштар батальонында қызмет еткен.

Дереккөз: tengrinews.kz

21 ақпан 2019, 11:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.