Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің ұлы Гейдар Әлиевтің Ресейдегі ең қымбат және жабық аудандардың бірінде тоғыз жылдан бері үйі бар. Бұл туралы "Проект" басылымы жазды.
Басылым дерегінше, кіші Әлиевтің үйі алдымен президенттің қайын атасы Ариф Пашаевтың атында болған. Пашаев бұл үйді сатып алған соң бір жылдан кейін жиені Гейдар Әлиевке сыйлаған.
Әлиев меншігіне ұқсас осы ауылдағы басқа үйлердің бағасы шамамен 35 миллион доллар тұрады.
Президент ұлы үйінің аумағы – 1,6 шаршы метр, жер телімінің көлемі – 1,7 акр. Осы үйдің жанында Әзербайжан президентінің үлкен қызы Лейла Әлиеваның да үйі бар. Басылымның жазуынша, Әлиева бұл жерге 20 жасынан бері иелік етеді.
Былтыр желтоқсанда Ұлыбритания соты Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің қыздары ақша жымқыруға қатысы бар болуы мүмкін екенін мәлімдеген. Апалы-сіңлі Лейла мен Арзу Әлиевалар Лондоннан құны 60 миллион фунт болатын жылжымайтын мүлік сатып алғаны тергеушілердің күдігін тудырған.
Дереккөз: azattyq.org