Атырау, 25 сәуір 13:45
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​Данэлия Төлешова The World's Вest екінші раундында жеңіске жетті

Бейнежазба
2 293 просмотра


Данэлия Төлешова The World's Вest байқауының екінші раундында ән шырқады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Бұл раундта ұтылған әнші байқаудан шығады, қазақстандық әншінің қарсыласы жапон скрипкашысы Манами Ито болды. Данэлия Stone Cold әнін шырқады. Бұл әнді ол "Голос.Дети Украина" байқауында шырқаған. Төрешілердің шешімімен Данэлия 71-60 есебімен жеңіске жетті. "Мен жаңа жұлдыз баланың пайда болғанын сездім", - деді қазылар алқасының мүшесі Ру Пол.  

Манами Итоның оң қолы жоқ, ол протезбен өнер көрсетеді. Ол ысқыны механикалық құрылғыға бекітеді, ол құрылғы иықтағы тысқа жалғанған.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram
#TWBManami #WorldsBest
Публикация от The World's Best (@theworldsbestcbs)

The World's Вest - талантты адамдарға арналған CBS телеарнасында көрсетілетін жоба. Төрешілердің арасында танымал актриса Дрю Бэрримор, әнші Фэйт Хилл мен мктер Ру Пол, британлық күлдіргіш Джеймс Корден бар. Ақырғы шешімді үш басты төреші мен әр мемлекеттен 50 сарапшы қабылдайды.

Дереккөз: tengrinews.kz

21 ақпан 2019, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.