Атырау, 29 наурыз 09:37
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қазақстанда қызылша мен қызамыққа қарсы қосымша вакцина егіледі

2 824 просмотра


ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қызылша мен қызамыққа қарсы қосымша жаппай иммунизация жүргізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Бұл туралы Қазақстанның бас санитар дәрігері, Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин Астанада өткен баспасөз мәслихатында айтты. 

«Вакцина сатып алған соң, қосымша егу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта қызылша, қызамық, паротитке қарсы қосымша 480 мың вакцина дозасын алу мәселесі шешіліп жатыр. Яғни, бір вакцинамен үш аурудың алдын алуға болады», - деді Жандарбек Бекшин. 

Оның айтуынша, Қазақстандағы қызылша мен қызамық ауруларының айналымын тоқтату қажет. «Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, ерте жастан ауырудың алдын алу үшін тоғыз айлық балаларды вакциналаймыз. Бұл топқа 40 жасқа дейінгі медициналық қызметкерлер де кіреді. Және 20-30 жас аралығындағы 2 млн адамға вакцина егеміз», - деп сөзін толықтырды ол. 

Дереккөз: inform.kz

 

20 ақпан 2019, 17:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.