Атырау, 19 сәуір 14:13
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Зейнетақы активтері бойынша инвестициялық кіріс зейнетақы түсімдерінен асып түсті

2 293 просмотра


2018 жылдың қорытындылары бойынша БЖЗҚ салымшыларының шоттарына бөлінген «таза» инвестициялық кіріс 917,10 млрд теңге болды, ол мөлшері 848,3 млрд теңге болған зейнетақы түсімдерінің көлемінен 8,1%-ға асып түсті, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі. 

БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша есептелген инвестициялық кірістің жалпы сомасы 977,2 млрд теңгені құрады. Инвестициялық кірістің негізгі көлемі қаржы құралдары бойынша сыйақы түріндегі кірістерге, сондай-ақ шетел валютасын қайта бағалаудан кірістерге тиесілі болды. Олардың үлесі тиісінше 56,8% және 40,3% болды.

2018 жылы инфляция деңгейі 5,3% мөлшерінде болған кезде БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 11,3% болғанын еске саламыз. Нақты көрсетуде (инфляцияны қоспағанда) кірістілік 5,97%-ды құрады

20 ақпан 2019, 16:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.