Атырау, 23 желтоқсан 03:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Астана орталығында ер адам газ бaллонын жармақшы

Сурет Бейнежазба
2 043 рет қаралды


Қазмедиа орталығының алдын полиция қоршауға алды. Қазмедиа орталығы алдында ер адам газ баллонын жармақшы, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Полиция қызметкерлері ғимаратты қоршауға алып, далаға шыққан тілшілерді ішіне қайта кіргізді.

Болжам бойынша, ер адам Жамбыл облысы Ойтал ауылынан келген. Ол биліктен 20 жыл бойы қол жеткізе алмаған жер учаскесін талап етіп отыр.

Полиция қызметкерлері "Қазмедиаорталық" қызметкерлерін сыртқа шығармай жатыр. Олар ғимараттың алдындағы көліктеріне алып тастау үшін далаға шықпақшы.

Төтенше оқиға болған жерді полиция қоршауға алды


Оқиға орнында 25 полиция қызметкері жұмыс істеуде.

Ішкі істер министрінің кеңесшісі Нұрділдә Ораз БАҚ өкілдеріне оқиға орнына шыққанын хабарлап, 10 минуттан кейін ресми жауап болатынын жеткізді.

Дереккөз: sputniknews.kz

20 ақпан 2019, 14:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.