Атырау, 29 наурыз 15:44
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Актриса өлімі: Gelandewagen жүргізушісіне сот үкімі шықты

1 649 просмотра


Алматыда үш адамның өліміне себепкер болған көлік жүргізушісі Ілияс Карға сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы аудандық сотының судья Роман Селицкий 34 жастағы сотталушы Ілияс Карды 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім етті. Ол жазасын қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде өтейтін болады. Сондай-ақ ол 7 жыл көлік тізгіндеу құқығынан айрылды. Мемлекеттік айыптаушы І.Карды 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. 

Еске салайық, жол-көлік оқиғасы 29 желтоқсанда болды. Абай және Сейфуллин көшелерінің қиылысында Mersedes Gelаndеwagen мен Mitsubishi Galant көліктері соқтығысқан. Бірінші көлік бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Жол апатынан 3 адам - Mitsubishi Galant жүргізушісі мен екі жолаушы көз жұмды. Олардың арасында белгілі актриса Шолпан Елгезек бар. Кейін белгілі болғандай, 34 жастағы Gelаndеwagen жүргізушісі көлігін мас күйінде жүргізген. Mercedes Gelandewagen жүргізушісі, 1985 жылы туған Ілияс Кар сот алдында ҚР ҚК-нің 345-інші және 347-баптары бойынша жауап берді. 

Айта кетейік, аталған жол апатынан аман қалған жалғыз жолаушы - актриса Айзада Сатыбалдиева қабырғалары сынып, ауыр халде ауруханаға түскен болатын. Екі аптадан соң актрисаның беті бері қарап, үйіне шығарылды.   

Дереккөз: inform.kz

20 ақпан 2019, 14:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.