Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Шухрат Данбайдың Атырау МӨЗ-інің басшысы лауазымына тағайындалуын түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Мен мұны (тағайындалғаны туралы) баспасөзден білдім. Бұл, әрине, «ҚазМұнайГаз » ұлттық компаниясының құзыреті. Соңғы кездері ол аппаратта жұмыс істеді. Әр адам қателесуі мүмкін. Мүмкін, қателіктерімен жұмыс істеген шығар. Бүгін барып, қалай тағайындалғанын, не екенін анықтаймын. Бірақ білетінім, сол жерде жұмыс істеген Ғалымжан Амантурлин тәжірибелі адам, зейнеткерлік жасқа жетті. Бұл туралы ол жарты жыл бұрын айтқан болатын», - деп жауап берді Бозымбаев журналистердің сұрағына.
«АЖ» жазғандай, Шахрат Данбай басқарған 2009-2017 жылдары ПМХЗ-да ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілген-ді. Алайда 2017 жылдың күзінде елдегі дизель отынына қатысты дағдарыс кезінде қазақстандық үш мұнай өңдеу зауытын жаңғырту мәселелері талқыланған мәжілісте ҚР Энергетика министрі Қанат БОЗЫМБАЕВ Данбайды қатаң сынға алған болатын. Ол басқаратын ПМХЗ-да дизель отынын өндіруге арналған қажетті сутегі өндіру қондырғысының бірнеше аптадан бері жұмыс істемей тұрғаны анықталды. Сол кезде дау-дамайға құбырдың жігін теріс дәнекерлеген дәнекерлеуші кінәлі деп танылып, Шухрат Данбайға бас директор лауазымынан «өз қалауы» бойынша кетуге тура келді.