Атырау, 28 қараша 19:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

AI "Еуромайдан кезінде құқығы бұзылғандарды қорғамаған" Украинаны сынады

Бейнежазба
1 037 просмотра

Наразылық акциясына қатысушылардың бірі. Киев, 19 қаңтар 2014 жыл.

Халықаралық Amnesty International ұйымы "2013-2014 жылдары болған Еуромайдан кезінде полициядан зардап шеккен азаматтар құқығын Киев қорғап бере алмады" деп мәлімдеді.

Құқық қорғаушылардың сөзінше, Майданға наразылыққа шыққандарға оқ атқан бұрынғы және қазіргі құқық қорғау органдарының ісін сотта әділ қарауға жүйе кедергі келтірген.

Ұйым Украина билігін адам құқықтарының бұзылуын тергеуде жәрдемдесуге шақырды.

Еуромайдан кезінде бірнеше қалада 106 адам қаза тапқан. Оның 13-і – полицей. Украина бас прокуратурасы бұл іс бойынша 450 адамды күдікті деп таныған. Прокуратура 300-ге жуық істі сотқа жіберді, кейін сот 48 үкім шығарған. Оның тоғызы ғана – түрме жазасына кесу жайлы айыптау үкімдері. Бұрынғы полицейлердің ешбірі бас бостандығынан айырылмаған.


2013 жылы 21 қарашада Украинада сол кездегі президент Виктор Януковичтің билігіне қарсы, бірнеше айға созылған наразылық акциялары басталды. Шеруге шыққандар биліктен Еуропа Одағымен ассоциация туралы келісімге қол қоюын талап етті.

2014 жылы ақпанда билік ауысып, Виктор Янукович Ресейге қашып кетті. Украинаның қазіргі билігі Януковичті "шерушілерге оқ атқызды" деп айыптайды.

Дереккөз: azattyq.org

20 ақпан 2019, 11:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.