Атырау, 29 наурыз 18:33
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Қазақстанның телеxабарлары Ресейде көрсетіле бастады

1 275 просмотра


ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, Қазақстанның телеxабарлары Ресейге тарала бастады. Аталған жұмысты аяқтауға 15 жыл кетті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Шетелде тұратын қазақтарға отандық телеxабарларды жеткізу бойынша біраз жұмыстар атқарылды. Мәселен, «Хабар» агенттігі шетелдік өкілдіктерін ашып, Ресей Федерациясының территориясында xабар таратуға рұқсат алды. Бұдан бөлек, «Хабар 24» арнасының спутниктік xабар таратуды басталды. Оның сигналы «Ямал 401» жер серігі арқылы таралады. Демек, аталған арна барлық кабельдік операторларда бар және оны Ресейдің кез келген жерінде көруге болады. Осыны іске асыру үшін 15 жылымыз кетті», - деді Д.Абаев министрліктің алқа мәжілісінде. 

Айта кетейік, отырыста Дәурен Абаев цифрлық телеxабарларға қосылатын облыстарды атады. Былтыр елімізде аналогтық теле-радио xабарларды таратуды кезең-кезеңімен тоқтату жұмыстары басталғаү болатын. Бүгінде төрт аймақ - Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл облыстары және Шымкент қаласы толығымен цифрлық теледидарға көшті. 

"Осылайша, ауылдағы ағайын 15 отандық телеарнаны, ал облыс орталығының тұрғындары 30 арнаны жоғары сапада тамашалап отыр. Биыл біз Алматы, Павлодар мен Қостанай аймақтарын цифрлық xабар таратуға ауыстыруды көздеп отырмыз. Осы бағыттағы жұмыстар 2022 жылы толық аяқталады деген жоспарымыз бар", - деді Д.Абаев министрліктің алқа мәжілісінде.  

Спутниктік тарелкалар ауыл тұрғындарына тегін беріледі.   

Дереккөз: inform.kz

20 ақпан 2019, 11:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.