Американың 16 штаты Трамп әкімшілігіне қарсы Сан-Францисконың аумақтық сотына шағым түсірді.
The New York Times басылымының жазуынша, Калифорния мен Нью-Йоркты қоса алғанда 16 штат басшылары Дональд Трампты Мексикамен шекараға қамал тұрғызу үшін президент өкілеттілігін асыра пайдаланды деп айыптады.
«Штат басшылары Трамптың миллиардтаған доллар қаржыны қамал тұрғызу үшін жұмсауға президент өкілеттігін пайдаланғысы келетініне қарсы шығып отыр. Олар президенттің бюджет қаржысын парламентпен келіспей жұмсай алмайтынын алға тартуда», деп жазады басылым.
Ескере кететін жайт, өткен аптада Трамп қамал тұрғызу үшін Конгресс рұқсат еткен миллиард доллардан да көп қаржы жұмсайтынын айтқан болатын.
Дереккөз: inform.kz