Атырау, 23 желтоқсан 05:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қазақстанда жөтелге қарсы екі дәрі енді сатылмауы мүмкін

2 108 рет қаралды


Елде "Эреспалдан" бөлек, құрамында фенспириді бар тағы екі дәрі уақытша сатылмайды. Бұл туралы фармация комитетінің өкілі телеарнаға берген сұхбатында хабарлады.

Олар - украиналық "Инспирон" және түркиялық "Тирфинс" препараттары. Фенспиридтің құрамындағы белсенді қоспа жүрек соғысын жиілетіп, тоқтатуы мүмкін. Бірақ бұл дәрілердің тіркеу куәліктері әлі кері қайтарылған жоқ. Дәрінің нақты қауіпті екені анықталғанда ғана мемлекеттік тіркеуден алып тасталмақ. 

"Ол екеуінің де қазір біздің елде жүргізілуді тоқтатылды. Еуропа медициналық агенттіктен қосымша мәлімет күтіп отырмыз. Егер, тағы ақпарат келіп түскен жағдайда біз қосымша шешім қабылдаймыз", - деді ҚР ДСМ фармация комитеті төрағасының орынасары Нұрлыбек Асылбеков.

Дереккөз: astanatv.kz

20 ақпан 2019, 08:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.