Атырау, 26 сәуір 01:40
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​Шудағы пойыз апаты: Жамбыл облысында үш адам сот алдына келді

2 148 просмотра


Жамбыл облысы Шу ауданында пойыздың апатқа ұшырауына байланысты сот ісі өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Үш айыпталушыға қауіпсіздік шараларын бұзғаны үшін немесе теміржол көлігін пайдалануда қауіпсіздік шараларын сақтамағаны үшін деген айып тағылған (ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 2-бөлігі). 

"Айыпталушылардың біреуі "Қазақстан темір жолы" АҚ-ның Шу аралығы директорының орынбасары, екіншісі "Қазақстан темір жолы" АҚ-ның екінші өндіріс аймағының басшысы. Сотталышулардың үшіншісі "Қазақстан темір жолы" АҚ-ның екінші өндіріс аймағы басшысының орынбасары", - деді Жамбыл аудандық сотының баспасөз қызметі өкілдері. 

2018 жылы 18 маусымда Жамбыл облысының Шу ауданында Астана - Алматы бағытындағы № 9 "Байтерек"  пойызының вагондары рельстен шығып кеткен. Алты вагон аударылып қалған. Сол кезде сегіз адам зардап шегіп, 12 жастағы бала қаза тапты. Ол отбасымен бірге Ыстық көлге демалуға бара жатқан. 

Еске салайық, Жеңіс Қасымбек вагондардың не себепті құлағанын айтқан. Ол теміржолдың сапасын сынға алды.

"Қарсы беттегі пойызбен соғысты деген мәлімет жалған. Көктем де жасалған жөндеуден кейін жолдың күйі мен жөндеудің сапасы төмен болған. Теміржол күнделікті тексеріліп және күтілуі тиіс еді", - деді Жеңіс Қасымбек

Дереккөз: tengrinews.kz

19 ақпан 2019, 16:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.