Атырау, 27 сәуір 01:44
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

​Министр Тұрғымбаев полицейлердің баспана мәселесі туралы айтты

1 816 просмотра


Қазақстан ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев полицейлерді тұрғын үймен қалай қамтамасыз ететіні туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

"Шыныменде, полиция қызметкерлерінің баспанасы - өте ауқымды мәселе. Егер бұрындары қызметтік пәтерде тұру мүмкіндігі болса, қазір ол жоқ. Мен осы мәселені көтердім, жергілікті деңгейде әкімдер көмектесіп жатыр, бірінші кезекте учаскелік инспекторларға көмектесу керек. Ең бастысы - барлық ауылдарды, алыс ауылдарды қамту, адамдар өздерін ірі қалаларда ғана емес, сондай-ақ алыс аймақтарда да қауіпсіз екендерін сезінуі керек", - деді министр Үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып. 

Министрдің айтуынша, ІІМ жүйесінде 159 мың адам жұмыс істейді, оған Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, ТЖ Комитеті мен Ұлттық гвардия қызметкерлері кіреді. Олардың 35 мыңы баспанаға мұқтаж. 

"Біз әкімдерден тұрғын үймен бірге учаскелік полиция пункттерін жасақтауды өтіндік. Мысалы, бір ауылда жұмыс істейтін учаскелік полиция таңертең басқа ауылға бармауы керек. Яғни ол осы ауылда тұратын болады, сол жерде учаскелік полиция пунктінде жұмыс істейді. Халық дәл сол жерде заң кеңесін алуға болатынын білсе, онда шағыммен немесе өтінішпен жүгінуге болады, әрине, онда барлық заң бұзушылықтар бойынша жедел әрекет ететін болады", - деді Ерлан Тұрғымбаев. 

2019 жылы 12 ақпанда Ерлан Тұрғымбаев Қазақстанның ішкі істер министрі болып тағайындалды. ІІМ бұрынғы басшысы Қалмұхамбет Қасымов Президент көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды.  

18 ақпанда Нұрділдә Ораз ішкі істер министрінің кеңесшісі - ІІМ ресми өкілі болып тағайындалды. Бұрындары министрліктің ресми өкілі Алмас Садубаев болған еді. 

Дереккөз: tengrinews.kz

19 ақпан 2019, 12:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.