Атырау билігі автобус аялдамаларын жаңарту жұмыстарын жалғастыруда. Бүгінде 23 павильон сатып алынған, оның 7-уі бастапқыда «аралас» болды, яғни, қоғамдық көлікті күтетін қала тұрғындарына ғана емес, коммерциялық қажеттіліктерге арналған.
«Облыстық перинаталдық орталық», «Авангард соңғы аялдамасы», сондай-ақ, Исатай және Махамбет алаңының жанындағы Тайманов көшесінің бойында орналасқан аялдамадағы 3 павильонда гүл салондары мен кофеханалар жұмыс істейді. Қалған төртеуін («Дина» базары, теміржол вокзалы, Привокзальныйдағы бір-біріне қарама-қарсы орналасқан екі аялдама жанында) жалға алушылар табылмады, сондықтан қала тұрғындарына толық пайдалануға беру туралы шешім қабылданды.
- Ал егер болашақта осы 4 павильонды жалға алушылар табылса ше? – деген сұрақ қойылды қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Шәкір КЕЙКИНГЕ.
- Жоқ, мәселе шешілді, енді олар қала тұрғындарына арналған автобус аялдамалары ретінде ғана пайдаланылады. Жазда бұл жерде кондиционер болады.
- Қыс аяқталып қалды, неліктен павильондар кеш орнатылды?
- «Аралас» павильондарды жалға алушыларды іздеуге біраз уақыт кетті. Үшеуін таптық, тағы төрт павильон, айтып өткенімдей, толығымен азаматтардың иелігінде болады.
Бұдан бұрын Атырау әкімі Әлимұхаммед ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ ауылдық округ әкімдері есебінің бірінде 2019 жылы мұнайлы астана жаңа 60 автобус аялдамасын сатып алатынын, оның 30-ы қала маңына арналатынын хабарлаған болатын.
Анастасия АЛЮШИНА
Суретті түсірген автор