Атырау, 25 қараша 06:45
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жайылымы тарылған ауыл

Бейнежазба
4 229 просмотра


Индер ауданындағы Ынтымақ ауылы тұрғындарының дені мал шаруашылығымен айналысады. Өзен жағасындағы ауылдың жері құнарлы болғанымен бір жағында қалың тоғай, келесі жағында бұдан үш жыл бұрын жеке кәсіпкер қазып кеткен ұзын ор қоршап, мал жайылымы тарылып қалған.

- Естуімізше су құбыры жүйесін жүргізу үшін қазылған шұңқыр екен. Бірақ кәсіпкер сол күйі үш жылдан бері ашық-шашық күйде тастады,- дейді ауыл тұрғындары. -Біз бірнеше рет әкімдікке хабарладық, бірақ нәтиже жоқ. Қой, ешкі сияқты ұсақ мал түсіп кетіп, жазым болған жағдайлар бар.  Жерді дұрыс пайдалану неге бақылауға алынбайды?

Кейін анықталғандай, Индер ауданы әкімдігінің қаулысымен 162 гектар жер телімі «КорРус» көп салалы шаруа қожалығына 49 жылға уақытша пайдаланылуға берілген.

Индер аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Амангелді САЛАМАТ:

 - 2016 жылғы 20 шілдеде жасалған бірлесіп пайдалану туралы келісімшартына сай жер «КорРустен» кәсіпкер Асығат Галимовқа ауысты. Аталған шаруашылық жер учаскесін өз мақсатында пайдаланбай отырған меншік иелерінің тізімінде жүр. Осы себепті ШҚ жерін мелекетке кері қайтару үшін Атырау облысы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына ұсыныс берілді.

Малды ауылдың тағы бір мәселесі – кене. Тұрғындардың айтуынша, қансорғыштар ауыл іргесіндегі жыңғылдар арасында, мал өрісінде өте көп. Малға еріп келіп, адамдарды да шағады екен. Күн жылынып келе жатқанын ескерсек, дезинфекция жасамаса, жәндіктер одан сайын көбеюі мүмкін.


Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

Суреттер мен видеоны түсірген автор

19 ақпан 2019, 11:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.