Атырау, 25 қараша 06:57
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ашулы Зураб, таң қалған Өтеген

2 840 просмотра


Қала маңындағы Көкарна ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Өтеген ЕРМАҒАМБЕТОВ (суретте) редакцияға хабарласты. Оның пікірінше, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ филиалы табиғи газды асырып тұтынғаны үшін өзінен 2 186 теңге заңсыз алғысы келеді екен.

Ал өткен аптада «Атамекен» ҰКП Атырау филиалы мынадай баспасөз хабарламасын таратты: 

«9 ақпанда «Атамекен» ҰКП өткізген скрининг қорытындысы бойынша облыс әкімі Н.Ноғаевтың кәсіпкерлермен кездесуі өтті. Қатысып отырған жұртшылық, мемлекеттік органдардың өкілдері скрининг тобы қызметкерлері жинақтаған деректердің өзектілігін атап өтті. Кездесу соңында «Иверия» ЖШС директоры Зураб Бобохидзе сөз алды. Эмоцияға беріле сөйлеген ол «ҚазТрансГаз Аймақ» АӨФ-тың заңсыз әрекеттері туралы әңгімеледі. 2018 жылдың желтоқсанындағы қорытынды бойынша оның компаниясына газды кем/артық тұтынғаны үшін 400 мың теңге көлемінде айыппұл салынған. Нақты тұтынылған газдың құны 300 мың теңге болыпты. Бобохидзенің айтуынша, монополия субъектісі өз қаржылық проблемаларын кәсіпкерлер есебінен шешуге тырысады, ал шамадан тыс талап сомасы жекелеген бизнес сегменттерінің жойылуына әкеледі.

Сол кеңесте өз жауабында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ АӨФ директоры М.Әбуов кешірім сұрады; ол техникалық қателік салдарынан 800-дей тұтынушының осындай хабарлама алғанын түсіндіріп, облыс әкіміне ахуалды шешуге уәде берді».

Өтеген ЕРМАҒАМБЕТОВ
Ал Ермағамбетовтің айтуынша, газ компаниясы жергілікті ҰКП филиалының өзекті баспасөз хабарламасы туралы, тиісінше өз басшысының уәдесі туралы білмейтінін айтқан.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

Суретті түсірген автор

19 ақпан 2019, 10:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.