Атырау, 20 сәуір 06:01
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Қырым татарлары тарих оқулығын кері қайтаруды талап етті

2 228 просмотра


Қырым татарларының кеңесі Ресей аннексиялап алған Қырым билігінен түбек тарихы жайлы 10-шы сыныпқа арналған оқулықтарды кітапханалардан кері қайтаруды талап етті. 

Кеңес оқу құралындағы Қырым татарларының Екінші дүниежүзілік соғыстағы әрекеті мен оларды 1944 жылы депортациялау туралы жазылған жайттармен келіспейді.

Қырым татарлары оқулықта депортациялау өз-өзін ақтаған тарихи факт ретінде қарастырылғанына наразы. Олар мұндай жазба алауыздық пен өшпенділік тудыруға негіз болады деп біледі. Бұған дейін Қырым тарихы жайлы оқулықтарға қатысты наразылықты мемлекеттік думаның депутаты Руслан Бальбек те білдірген.

1944 жылы 18 мамырда Қырым түбегінен Орталық Азияға Қырым татарларының алғашқы легі жөнелтілді. Үш күнде Қырымнан Орталық Азия елдері мен Сібірге 180 мыңнан астам адам күштеп қоныстандырылды. Олардың 30 мыңнан астамы алғашқы жылы аштық пен суықтан қаза болған. Украинада жыл сайын депортация құрбандарын еске алады.

Ресей билігі 2014 жылы Қырымды аннексиялап алған соң Қырым татарларының белсенділеріне бұл күні көпшілік шаралар ұйымдастыруға тыйым салған.

 

Дереккөз: azattyq.org

 

18 ақпан 2019, 16:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.