Атырау, 19 мамыр 03:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

ЭЦҚ-ның неліктен онлайн берілмейтіні белгілі болды

1 385 просмотра


«Ұлттық ақпараттық технологиялар» басқарма төрағасы Әсет Тұрысов қазақстандықтарға электронды сандық қолтаңбаны алу үшін бір рет ХҚКО бару жеткілікті екенін айтты.

«Электронды сандық қолтаңбаны бір рет ХҚКО-ға барып алуды, мобильді үкіметке тіркелуді, телеграмм-ботқа қосылып, үйде отырып, ешқайда бармай-ақ қызметтерді алуды ұсынамын. ЭЦҚ-ны онлайн алу сұрағы бірнеше рет талқыланды. Сұрақ біз жауап беретін қауіпсіздік мәселесіне келіп тіреледі. Әрине, азаматтарға ЭЦҚ-ны онлайн алуды жеңілдеткіміз келеді. Сіздердің қауіпсіздіктеріңізге жауап береміз, не дегенмен қара ниетті адамдар бар. Сол себепті ХҚКО-ға бір рет бару қажет. Бұл біз үшін емес, бірінші кезекте азаматтар үшін керек. Бұл шынымен сіз екеніңізді, сіздің eGOV арқылы өтінім бергеніңізді растау үшін қажет. Сондықтан ЭЦҚ-ны алуды жеңілдету мәселесі зерттеліп жатыр», - деді Әсет Тұрысов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, ол бінде ЭЦҚ пайдалану мерзімін 1 жылдан 3 жылға дейін ұзартылғанын және ЭЦҚ-ны қолдану мерзімін онлайн ұзартуға болатынын айтты. Яғни, мерзімі бітуге таяғанда азаматтар сайтқа кіріп, тағы үш жылға ұзарта алады.

Дереккөз: baq.kz

18 ақпан 2019, 14:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.