18 ақпанда Атырау қаласы әкімінің жаңа орынбасары болып Жұмабек ҚАРАЖАНОВ тағайындалды. Ол бұрын облыстық ревизиялық комиссия аппаратын басқарған. Жаңа орынбасар мұнайлы астананың қаржы-экономика саласына, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы саласына жетекшілік етеді.
Жұмабек Қаражанов – Атырау облысының тумасы, Қазақстан-Британ техникалық университетін және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген, мемлекеттік аудитор сертификаты бар. 2012 жылдан бері Атырау облыстық ревизия комиссиясында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді, 2018 жылдан бастап ревизия комиссиясы аппаратының жетекшісі.
Дайындаған Фархат ӘБІЛОВ
Атырау әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынған сурет