Атырау, 19 мамыр 23:44
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Сауд Арабия ханзадасы «Манчестер Юнайтедті» сатып алғысы келеді

3 606 просмотра


Сауд Арабияның мұрагер ханзадасы Мохаммед бин Салман ағылшын футбол клубы «Манчестер Юнайтедті» алғысы келеді. Бұл туралы The Sun басылымы мәлімдеді.

Ханзада клуб үшін 4,8 млрд доллар ұсынуға дайын. Қазіргі қожайындар Глейзеров отбасы клубты сату ойда жоқ екенін, алайда бұл ұсыныс қаржы тұрғысынан өте табысты екенін айтты.  

Таблоид ханзада отбасының байлығы үш трлн доллардан асатынын көрсетеді. Салман жаңа маусым басталғанға дейін келісімге келуді көздейді. 

Қаңтарда Deloitte аудит компаниясы «Манчестер Юнайтедті» 2017/2018 жылғы маусымда Еуропадағы ең табысты клубтар рейтингінде үшінші орынға қойды.Осы кезеңде клуб футболшылары тапқан қаржы 666 млн долларды құрады. 

Тізімде «қызыл жындардан» испаниялық «Реал» мен «Барселона» жоғары тұр.

Дереккөз: baq.kz

18 ақпан 2019, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.