Америкалық президент Дональд Трамп Еуропа елдерін «Ирак және Левант лаңкестік ұйымының» 800 содырын қабылдауға шақырды.
Бұлардың барлығы Сириядағы радикалдардың қатарына кіріп кеткен еуропалық азаматтар. Бұл туралы Ақ үй басшысы өзінің Twitter парақшасында мәлімдеді. Оның айтуынша, әр мемлекет өз азаматын алып кетіп, жазаға тартуы керек. Олай болмаған жағдайда содырлар бостандыққа жіберіледі.
Сарапшылардың айтуынша, Сирия мен Иракка Батыс Еуропа, оның ішінде Ұлыбритания, Франция, Германия, Швеция, Бельгия елдерінен 6 мыңнан аса адам келген. Олардың қатарында содырлар мен олардың отбасы да бар. Айта кетейік, өткен жылдың аяғында АҚШ Сириядағы «Ирак және Левант лаңкестік ұйымын» жеңгенін жариялаған еді. Жақын арада бұл елден америкалық әскерлер шығарылатын болады
Дереккөз: 24.kz