Атырау, 28 қараша 19:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​АҚШ-та бюджет жобасы бекітіледі

1 376 просмотра


АҚШ-тың сенатынан кейін іле-шала конгресс өкілдерінің палатасы бірқатар министрлік пен шекарадағы қауіпсіздік туралы бюджет заңына қол қойды.

Осылайша бюджет жобасы АҚШ президенті Дональд Трамптың қарауына жіберілді. Ақ үй хабарлағандай, бюджетке қол қойғанымен, Трамп Мексикамен шекарада төтенше жағдайды жариялайды. 

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін бюджет жобасы дауға айналып, бірқатар үкіметтік орган өз жұмысын тоқтатқан болатын. Мигранттарды елге жолатпауға бекінген АҚШ президенті, былтыр желтоқсанда үкіметтік шатдаун жариялады. Бұл үкімет жұмысының АҚШ тарихындағы ең ұзақ кідірісі болды.

35 күнге созылған бюджеттік дағдарыс 800 мың мемлекеттік қызметшіні еңбекақысыз жұмыс істеуге мәжбүрледі. Енді оңтүстік шекарада қорған тұрғызу үшін Трамп сұратқан 5,7 миллиард доллардың орнына конгресс 1,4 миллиардын ғана қарастырып отыр.

Дереккөз: 24.kz

16 ақпан 2019, 02:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.