Атырау, 25 қараша 06:46
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау бюджеті неден құралады?

2 799 просмотра


Атырауда 20 ақпанда болатын облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВТЫҢ есеп беруі алдындағы шенеуніктердің дәстүрлі брифингтері мен есептерінің маусымы басталды. Бұл жолы журналистердің сұрақтарына облыс әкімінің экономика және бюджеттік жоспарлау орынбасары Айгүл ӘЖІҒАЛИЕВА жауап берді. Дамбы ауылының тумасы 9 жылдан бері бірнеше әкімнің орынбасары болып қызмет атқарып келеді.      

- Өткен жылдың 9 айының нәтижелері бойынша өңірдің жалпы ішкі өнімі 4,9 трлн теңгені құрады, инвестиция көлемі – 3 трлн 600 млрд.  Бюджетке 1,3 трлн теңге түсті, соның ішінде республикалыққа – 1,1 трлн, облыстыққа – 286 млрд. Ұлттық қорға 1 трлн 444 млрд теңге аударылды. Бюджет толығымен игерілді.

Әжіғалиеваның айтуынша, 2018 жылдың қаңтарымен салыстырғанда биылғы қаңтарда ауыл шаруашылық өнімдерінің көрсеткіші азайған, соның ішінде сүт және сүт өнімдері 12%-ға төмендеген. Бұл, ең алдымен, «Первомайский» ЖШС-нде асыл тұқымды сиырлардың қырылуымен байланысты.  

- Бұл мәселе бойынша қажетті шаралар қабылданып жатыр, - деп толықтырды ол.

2016-2020 жылдарға арналған облыстың кешенді жекешелендіру жоспарына 15 ұйым енгізілсе, соның 14-і жалпы сомасы 2 млрд теңгеге сатылды, бұдан жергілікті бюджет 289 млн теңгемен толды.  

- Сондай-ақ жоспарға «Атырау» ӘКК үлесі бар 15 ұйым қосылған, бұлардың 8-і 164,7 млн теңгеге сатылды, қалғандары бойынша осы жылы жұмыс жалғасады, - деп атап өтті әкім орынбасары.

«АЖ»-дың облыстағы мұнай компанияларының кірісі туралы сұрағына Әжіғалиева облыстық бюджеттің тең жартысы осындай 6 компаниядан түскен салықтардан құралады деп жауап берді. Ал қоршаған ортаға келтірілген шығындар бойынша эмиссия өткен жылы 10 млрд теңгені құрады.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

15 ақпан 2019, 14:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.