Атырау, 28 қараша 19:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Н.Мадуро: Дағдарысқа АҚШ кінәлі

1 514 просмотра


Өзін-өзі Венесуэланың уақытша президенті деп жариялаған Хуан Гуаидо шекарадағы гуманитарлық көмек ақпанның 23-іне дейін ел аумағына кіруі тиіс екенін айтты. 

Ал Венесуэладағы билік тізгінін ұстаған Николас Мадуро гуманитарлық жәрдемді қабылдаудан бас тартып отыр. Мадуроның пікірінше, Венесуэладағы азық-түлік және дәрі-дәрмектің жетіспеушілігіне АҚШ салған экономикалық санкциялар кінәлі. Атап айтқанда, «Ақ үйдің латынамерикалық елдің мұнай өндіруші ұлттық компаниясына салып отырған санкциялары Венесуэланың дамуына кедергі келтіреді», – дейді Николас Мадуро. Николас Мадуро, Венесуэла президенті: - Венесуэла шеттен дәрі-дәрмек пен шикізатты сатып ала алмайтындай  қысым жасалып отыр. Нақтырақ айтқанда, Ақ үй банктегі есепшоттарды бұғаттап, сауда-саттық операцияларын жүргізуге мүмкіндік бермейді. Яғни халыққа қажетті жүгері мен бидай сатып алуға кедергі келтіреді.  Сондай-ақ дәрі-дәрмекке қажет триллиондаған долларды есепшоттан ала алмай отырмыз.

 

Дереккөз: 24.kz

15 ақпан 2019, 13:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.