Атырау, 28 қараша 19:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Путин олимпиада чемпионымен күресіп, жарақат алып қалды

2 106 просмотра


Ресей президенті Владимир Путин Сочиде дзюдошылармен жаттығу жасап жүріп, саусағын жарақаттап алды.

Оқиға Ресейдің мемлекеттік басшысы олимпиада чемпионы Беслан Мудрановпен күресіп жатқанда болған, деп жазады РИА Новости.

Жарақатын пластырьмен таңып берген соң, президент жаттығуды жалғастырған. Кейін спортшылармен тілдесіп, суретке түсті.

Ресей президенті Сириядағы ахуалды реттеу Астаналық процесінің кепіл елдері басшыларының арасындағы үш жақты кездесуден кейін "Юг" спорттық кешеніне барып жаттыққан.

Естеріңізге сала кетсек, Сочиде осымен төртінші рет өтіп отырған Ресей, Түркия және Иран басшылары қатысқан саммитте Путин мәлімдегендей, Сириядағы ахуалды реттеуге болады, ол үшін бірауыздан әрекет етіп, мәмілеге келу қажет. Мемлекеттердің басшылары саммит аясында екі жақты кездесулер өткізді.

 

Дереккөз: sputniknews.kz

 

 

15 ақпан 2019, 11:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.