Атырау, 24 наурыз 10:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74

Моңғолияның бұрынғы және қазіргі президенттері бірін-бірі айыптауда

1 523 рет қаралды


Ақпан айының 13-і күні Моңғолия экс-президенті Цахиагийн Элбэгдоржа журналистермен кездесті. 

Кездесудің басты тақырыбы қазіргі мемлекет басшысы Халтмагийн Баттулганың Бас прокуратураға экс-президент Цахиагийн Элбэгдоржаның «Тавантолго» көмір кен орнындаға алаяқтық ісіне қатысы бар-жоғын тексеруді сұраған өтініші болды. 

Элбэгдоржаның сөзінше, оның «Тавантолго» кен орнындағы дауға ешқандай қатысы жоқ. Керсінше, қазіргі президент Баттулганың "Эрдэнэт" тау-кен байыту комбинатының 49 пайыз акциясын заңсыз жекешелендіруге қатысы болуы мүмкін. 

Бұған дейін БАҚ беттерінде «экс-президент Цахиагийн Элбэгдоржа мен оның жақындары әлемдегі ең үлкен «Тавантолго» кен орнын Қытайға 100 жылға жалға бермек болған» - деген ақпарат тараған.

Дереккөз: qazaqtimes.com

14 ақпан 2019, 11:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.