Атырау, 28 қараша 19:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Трамп: Қытаймен келісімді бекіту мерзімі ұзартылуы мүмкін

2 097 просмотра


АҚШ президенті Дональд Трамп Қытаймен сауда келісімін бекітуге белгіленген мерзім ұзартылуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Ол бұл туралы 12 ақпанда Ақ үйде журналистермен кездесуде мәлімдеген. Трамп егер Пекин мен Вашингтон сауда келісіміне қол қоюға жақын қалса, онда оның мерзімін ұзартуға болады деп санайтынын айтқан.

АҚШ президенті Қытай басшысы Си Цзиньпинмен наурыздың соңында кездесу жоспары жоқ екенін мәлімдеген. Осының қарсаңында АҚШ басылымдары екі елдің басшылары кездесуі мүмкін деп хабарлаған еді.

Қаңтардың соңында Вашингтонда АҚШ пен Қытай делегациялары сауда мәселесі жайлы келіссөз өткізген. Сол кезде Трамп келісімге 1 наурызға дейін қол қойылады деп үміттенетінін мәлімдеген. Ақ үй өкілдері егер келісімге қол қойылмаса, Вашингтонның 2 наурыздан бастап қытай тауарларына 200 миллиард доллардың 25 пайыздық баж салығын енгізетінін ескерткен.

Дереккөз: azattyq.org

14 ақпан 2019, 00:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.