Атырау, 25 қараша 06:53
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Біздің әкім кім?

Сурет
3 842 просмотра


13 ақпанда Құрманғазы атындағы Мәдениет үйінде Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ қала тұрғындарының алдында 2018 жылдың есебін берді. Әрі қарай сұрақ-жауап кезінде әкім өзінің кім екені туралы да сауалға жауап беруге мәжбүр болды.

Құттымұратұлының баяндамасына сүйенсек, өткен жылғы мұнай астанасының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жаман емес, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы дамып келеді. Қала бойынша, атап айтқанда, ұзындығы 200 км болатын 268 көше асфальтталған. Жоспарға келер болсақ, әкім қаладағы Нұрсая ықшамауданындағы саябақ құрылысына арналған, сондай-ақ, Жеңіс саябағы мен Жилгородоктағы саябақты қалпына келтіру жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатқанын айтып, қуантып тастады.

Қаңтар айынан бастап қалалық әкімшілік халық көп шоғырланатын төрт жерде орнатылған хат салуға арналған жәшіктерге мұнай астанасы тұрғындарынан сауалдар жинай бастаған еді. Мыңға жуық сұрақ жиналыпты, әкім бұл кездесуде олардың барлығына жауап бере алмады, бірақ кейінірек жазбаша түрде әлеуметтік желілерде жауап беруге уәде берді.


Жиналушылармен тікелей тілдесу басталды. Қала ақсақалдарының бірі алғашқы болып сөз алып, қызығушылықпен сұрады:

- Осы жаңа ғана есеп берген сіз кімсіз? Кім болып жұмыс істейсіз?

- Аға, мен есеп берер алдында кім екенімді айтқан едім. Мен Атырау қаласының әкімімін, - деп салқынқандылықпен жауап берді әкім.

...Қала тұрғындары, әдеттегіше, тұрғын үй, коммуналдық мәселелерді шешуді сұрады. Атап айтқанда, жас адам сөйледі:

- Мен тоғыз баланың әкесімін – жеті қызым мен екі ұлым бар. Әке-шешімізбен бірге тұрамыз, шынымды айтсам, бізге оңай емес әрі ыңғайсыз.

Қала басшысы оған да, бәріне де бір жауап берді:

- Заң бар, комиссия бар. Кезексіз ешкім баспана алмайды.

Зиялылар атынан сөйлеген ғалым, жазушы Қадыр ЖҮСІП:

- Атырауда Сабыр Қазыбай атында мектеп болды. Бірақ жаңа директор мектеп атауын өзгертті. Бұл дұрыс емес. Кім қайдан келмесін, ешкімнің Атыраудың тарихына араласуға құқығы жоқ! – деді.

- Жақсы, шағымыңызды ономастикалық комиссияға жіберейік, - деп жауап берді Құттымұратұлы.

Қала маңындағы Кеңөзек ауылының тұрғыны облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВТЫҢ командасын оркестрге теңеді:

- Білесіз бе, егер оркестрде кем дегенде біреуі аспапта әлсіз ойнаса, бүкіл әуен бұзылады. Сондықтан жақсы музыканттар қажет. Облыс әкімінде де осындай жағдай: оның өзі жақсы жұмыс істейді, кадрлық мәселелермен жақсы айналысады. Қала әкімінің лауазымына осындай азаматты - Әлимұхаммедті тағайындағаны өте дұрыс шешім.

Әдеттегіше, әкім қала ақсақалдарынан бата алды, біреулер жасаған жұмысы үшін алғыс айтты. Кездесу соңында оның қызметіне есепке қатысып отырған Нұрлан Ноғаев та жақсы баға берді.


Фархат ӘБІЛОВ

Суреттерді түсірген автор

13 ақпан 2019, 18:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.