Атырау, 19 мамыр 21:30
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Венесуэла халқы ереуілге шықты

1 785 просмотра


Венесуэлада он мыңнан астам адам ел президенті Николас Мадуроның билігіне қарсы ереуілге шықты. Каракас орталығына жиналған наразы топ билікте жаңа реформа жасап, мерзімінен тыс сайлаудың өтуін талап етті. 

Ереуілге Венесуэладағы оппозиция басшысы Хуан Гуайдо да қатысты. 

Гуайдо өз сөзінде: «Мадуро елде диктаторлық билік орнатты. Халық наразы, әлеуметтік жағдай төмен. Алдағы уақытта билік басына оппозициялық топ келсе, диктаторлық жүйені түбегейлі жояды», – деді. 

Айта кетейік, АҚШ пен басқа да көптеген елдер Николас Мадуроны мемлекеттің заңды басшысы деп санамайды. Еуропарламент және өзге де мемлекеттер өткен аптада өзін президент міндетін атқарушы деп жариялаған Венесуэла оппозициялық Парламентінің көшбасшысы (Ұлттық ассамблея) Хуан Гуайдоны елдің лигитимді басшысы ретінде таныды. Ал Ресей және Қытай «диктатор басшы» атанған Маудроға қолдау білдірді. 

Дереккөз: "The Qazaq Times"

13 ақпан 2019, 14:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.