Атырау, 28 қараша 19:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Ресейде соққыға жығылған жемқорлықпен күресуші белсенді қаза болды

1 673 просмотра


Мәскеу маңындағы Виноградов кентінде 12 ақпанға қараған түні белгісіз біреулер соққыға жыққан мемлекеттік билік органдарындағы жемқорлыққа қарсы орталықтың аймақтық бөлімшесінің жетекшісі Дмитрий Грибов ауыр жарақат алып, аурухананың жан сақтау бөлімінде қайтыс болды. Бұл туралы Азаттықтың Орыс қызметі хабарлады.

Мәскеу облыстық тергеу комитетінің алдын ала мәліметі бойынша, белсендіге бетперде киген екі адам шабуыл жасаған. Олар Грибовты әлдебір ауыр затпен ұрып-соққан. Өздерін сол жерден өтіп бара жатқан басқа адам көргенін байқаған соң қаскөйлер із жасырған.

Олардың белсендіге қандай себеппен шабуылдағаны әзірге белгісіз.

Грибовтың серігі Виктор Костроминнің Daily Storm басылымына хабарлауынша, белсенді осыдан екі жыл бұрын соққыға жығылғаны туралы сот отырысынан қайтып келе жатқанда шабуылға ұшыраған. Ол жолы Грибовты үш адам ұрып-соққан. Ол бұл іс бойынша қылмыстық іс ашудан бас тартқан полиция қызметкерлерінің үстінен сотқа бірнеше рет шағымданған. Ақыр соңында шабуылдағандардың бірінің үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша 11 ақпанда соттың алғашқы отырысы өткен.

Дереккөз: azattyq.org

13 ақпан 2019, 14:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.