Испания астанасында орталық биліктің Каталония аймағы үкіметімен келіссөз жүргізуніе қарсы наразылық шеруі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Консервативтік «Ұлттық партия», орталықшыл «Азаматтар» және әсіре оңшыл «Вокс» партиясы ұйымдастырған шеруге 45 мыңға жуық адам қатысты. Олар Педро Санчес үкіметінің тәуелсіздікке ұмтылған аймақтағы шиеленісті басу үшін келіссөз жүргізбек жоспарына қарсы. Шерушілер мұндай әрекетті сатқындық деп бағалап, Санчестің биліктен кетуін және мерзімнен тыс жалпыұлттық сайлау өткізуге шақырды.
Ал орталық үімет өткен аптада Каталония аймағының басшылығы билік ұсынған келіссөз жоспарынан бас тартты деп мәлімдеген. Себебі бұл өңір билігі тәуелсіздік туралы қайта референдум өткізуді талап етуде.
Романия Лопес, шеруші: – Біз үкіметті қолдауымыз керек. Алайда әділдік бәріне бірдей болуы тиіс. Біз мұнда Испанияны қорғау үшін келдік. Егер каталондықтар бөлінгісі келсе, олар бұл мәселені парламентте шешуі қажет. Бірақ Испания заңын құрметтесін.
Айта кетейік, Испанияда жақын арада Каталонияның бұрынғы 12 шенеунігіне қарсы сот басталуы керек. Оларға осы аймақта тәуелсіздік туралы референдум ұйымдастырып, мемлекетке қарсы көтеріліске шықты деген айып тағылып отыр.
Дереккөз: 24.kz