Франция астанасы Парижде сары жейделілердің кезекті ереуілі әдеттегідей жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Салдарынан 36 адам қамауға алынды. 9 тәртіп сақшысы жарақат алды.
Ереуілге шыққандар полицейлерге тас лақтырып, көше бойындағы дүкендер мен кеңселерді қиратқан. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, жарық және дыбыс гранатаның жарылысынан ереуілдеуші бір қолынан айырылып қалды.
Жиналғандарды тарату үшін құқық қорғау органдары бірнеше рет көзден жас тамызатын газ қолданған. Айта кетейік, шаһарда тұрғындардың наразылық акциясы осымен 13-рет өтті. Халық жанармай бағасының көтерілуіне қарсылығын білдіріп, биліктен елдегі салық жүйесін өзгертуін талап етеді.
Дереккөз: 24.kz