Атырау, 25 қараша 09:54
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қарабатандағы трагедияны тергеу әлі аяқталмады

2 579 просмотра
Көрнекі сурет

2018 жылы Атырау облысында 323 өрт оқиғасы орын алып, 15 адам қаза тапты, соның ішінде біреуі - сәби. Биылғы жыл басынан бері мұндай 12 оқиға болып, 4 адам көз жұмды. Ал әлі күнге дейін 2018 жылдың 2 наурызында Қарабатандағы жұмыс жатақханасында болған өрт оқиғасын тергеу ісі әлі аяқталған жоқ.

- Бүкіл өрттің жартысына жуығы жеке тұрғын үй секторында болған, - дейді Атырау қалалық №1 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Азамат ЖАҚЫПОВ. – Әдетте, пеш қазандықтары мен табиғи газға қосылған қазандықтарды дұрыс пайдаланбау өртке себеп болады. Жақында болған бір оқиғаны мысалға келтірейін. 15 қаңтарда күндіз 101 пультіне Атырау ықшамауданында уақытша баспанаға жалғанған моншаның өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер моншаның өртеніп жатқан шатырын өшірді. Өртке себеп – қазандықты дұрыс пайдаланбау.   

Қарабатанда оқиға орнында алты жұмысшы, ал сәл кейін біреуі ауруханада көз жұмған жатақхана өртінен кейін бір жылдай уақыт өтті. Бірақ тергеу ісі әлі аяқталған жоқ. Тергеушілер қазір электротехникалық сараптама қорытындыларын күтуде.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

9 ақпан 2019, 16:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.