Атырау, 28 қараша 19:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Ресей дербес интернет құруды көздеп отыр

1 685 просмотра


Мемлекеттік Дума Рунет жөнінде заң жобасын қабылдауға нұсқау берген. Көп шу туғызған заң жобасы ғаламтордың ресейлік бөлігінің дербес жұмысын қамтамасыз ететін инфрақұрылым жасауды қарастырған. 

Интернет қауіпсіздігі бойынша сарапшылардың түсіндіруінше, қазір елдің түбір серверлері жоқ, рунеттің бүкіл файлдары Батыс елдеріндегі серверлерде орналасқан және негізінен америкалық шифрлау сертификаттары қолданылып жүр. Ресей саясаткерлері санкцияларды күшейту ретінде олар елді ғаламтордан ажыратуы мүмкін деп санайды. 

Осыған заңды түрде дайын болу керек. Сондай-ақ, киберқауіпсіздік сааласындағы өзекті мәселелер жеке мәліметтерді қорғау мен интернеттегі қаржылық қауіпсіздік, жалған деректердің тарауына жол бермеу, балаларды зиянды контенттен қорғау болып отыр. 

Игорь Ашманов, IТ-қауіпсіздік бойынша сарапшы:

-Ғаламтор дегеніміз әр пәтердегі су шүмегі сияқты, бірақ кейде одан у да ағуы мүмкін. Басты мәселе, ата-аналардың көбі технологиялардан хабары жоқ, сондықтан зиянды контентке жол бермейтін фильтр қоя алмайды. Ғаламтор қауіпсіз болуы керек.

Дереккөз: 24.kz

9 ақпан 2019, 11:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.